Twitter қызметкерінің 9 пайызға қысқартылатынын хабарлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Twitter компаниясы жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған қайта құрылымдау аясында штаттың 9 пайызға қысқартатын хабарлады.

Twitter қызметкерінің 9 пайызға қысқартылатынын хабарлады

Twitter бас директоры Джек Дорсидің сөзіне қарағанда, компания негізгі құрылымдардың дамуына мән бермек.

«Бізде нақты жоспарымыз бар және біз Twitter көпмерзімді өсімді қамтамасыз ету үшін тиісті өзгерістерді жүзеге асырып жатырмыз», - деді Джек Дорси.

Қызметкерлердің санын қысқарту туралы компания ағымдағы жылдың үшінші тоқсанындағы қаржы есебін жариялай отырып хабарлады. Есепке сәйкес, компанияның тоқсандық табысы 8% - 616 млн долларға дейін өскен. Соңғы үш айда компания шығыны  22% - 103 млн долларға дейін қысқарған.