Twitter орыс тіліне аударылды

АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Twitter микроблогтар қызметі интерфейсін орыс тіліне аударды. Бұл жөнінде ақпарат Twitter корпоративтік блогында ілінген,
None
None

деп жазады "Лента.ру".

Өз микроблогының интерфейсін орыс тіліне аудару үшін қолданушы профильдің жөндеу бөліміне кіріп, тілді ауыстырса жеткілікті.

Осы өзгерістерді енгізгеннен кейін қолданушыға көрсетілетін қызмет тек орыс тілді микроблогтарды оқуға ғана мүмкіндік беретіні ескертіледі.

Сонымен қатар 26 сәуірде Twitter түрік тілінде де қолжетімді болды.

Осылайша қазіргі уақытта сервистің интерфейсі ағылшын, француз, неміс, испан, италия, жапон, корей тілдерін қосқанда барлығы тоғыз тілде қызмет жасайды.

Соңғы жаңалықтар