Twitter пайдаланушылар жазбаларының қаралуы статистикасын көрсетеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Микроблогтардың сервисі түрлі пайдаланушылар твиттерінің қанша рет оқылғандығы жөніндегі статистиканы енгізбек. Бұл туралы компанияның блогына сілтеме жасап РБК хабарлады.
Жаңа мәліметтер аккаунттардағы тіркелген барлық пайдаланушыларға қолжетімді болмақ. Сонымен қатар твиттің қаралуы туралы деректер сайттың веб-нұсқасында ғана немесе Android және IOS қосымшалары арқылы оқылған кезде есептеледі.
Енді ретвиттер бойынша түрлі пайдаланушылардың твитіне көшу, түрлі хэштегтермен қанша адам оны қарағандығы жайында, сондай-ақ қанша мәрте твиттен пайдаланушының профиліне ауысқандығы тұрғысында статистиканы көруге болады.
Айта кетейік, бұл жаңашылдық Ресейдегі «блогерлер туралы заңнаманы» енгізу қарсаңында пайда болды. 2014 жылғы сәуірдің аяғында осы елдің Мемлекеттік думасы үшінші оқылымда танымал блогерлердің БАҚ-қа қатысты белгіленген талаптарды орындауы туралы заңды қабылдады. Құжатқа сәйкес, күніне парақшасын 3 мың нан астам адам қарап шығатын барлық блогерлер БАҚ-тарға ұсынылған талаптарды орындауы тиіс. Оларға өздерінің парақшаларында жеке мәліметтерді жариялап, бейпіл сөздерден тартынуды міндеттейді.