Twitter ұзақ мәтінге әзір рұқсат бермейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Twitter 140 символдық шектеуден бас тартпайды, деп мәлімдеді компанияның атқарушы директоры Джек Дорси.Әлеуметтік желі басшысы бұл ықшамдылық өте ыңғайлы екеніне сенімді, деп жазады шетелдік БАҚ.
Twitter-дің классикалық 140 сөз ғана жазуға болатын шектеуі оның негізі қаланған кезден бастап қолданылып келеді.
Бұған дейін, БАҚ-тарда Twitter-дің бір «твиттегі» белгілер санына шектеуді алып тастау жоспары туралы хабарланған болатын.