13:38, 15 Тамыз 2015 | GMT +5
Тяньцзиньде тағы жарылыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Тянцзинь қаласында төтенше жағдай орын алған жерде тағы да бірнеше жарылыс болды, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
"Жэньминь жибао" газетінің жазуынша, бірнеше жарылыс жергілікті уақыт бойынша сағат 11-40-та орын алған. Айта кетерлігі, улы заттардың таралу қаупіне байланысты билік жергілікті тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіре бастаған болатын. Жарылыс орын алған жерге химиялық қорғаш киімдерін киген әскерилер келіп, олар тірі қалған адамдарды іздеу жұмыстарын жалғастыруда.
Қазіргі уақытта жарылыстан қаза тапқандардың саны 85 адамға жетті, ал жарақат алғандардың саны 700-ден асып жығылады. Жарылыс қуаты тротил эквивалентінде 3 және 21 тоннаны, ал өрт аумағы шамамен 20 мың шаршы метрді құраған.