Тянь-Шань тауларында алматылық альпинист көз жұмды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат-Тянь-Шань тауларында алматылық альпинист Александр Чечулин көз жұмды. Бұл туралы «Ветер странствий» журналының Fecebook-тегі тобында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ол Жеңіс шыңынан оралмады. Биыл Тянь-Шань тауларында қар өте көп. Альпинсистік лагерьдегі кейбір азаматтар Жеңіс шыңына көтерілуден бас тартты. Мурат Отепбаев, Александр Чечулин және Андрей Корнеевтен құрылған алматылық топ «Жабайы» асуы арқылы Жеңіс шыңына көтерілді. Биік тауда Чечулин ауырып қалды. Өкпесі қабынды деген күдік бар. Альпинистер шатырларының тіреуіштерін жоғалтып алыпты. Сондықтан қарлы шұңқырға қонып, шатырды жамылып жатуға мәжбүр болған. 16-шы тамыздың таңында Александр оянбады» - делінген журналдың әлеуметтік желідегі парақшасында.


Соңғы жаңалықтар