12:55, 05 Наурыз 2009 | GMT +5
Тынық мұхитта 28 жолаушы мінген паром суға батып кетті
ПАНАМА. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат - Тынық мұхитта Панаманың оңтүстік-шығыс бөлігінде 28 жолаушы мінген паром суға батып кетті.
Панаманың Мемлекеттік азаматтық қорғаныс басқармасының ақпараты бойынша, оқиға салдарынан 9 жасар бала қаза тапты, тағы 12 адам үз-түзсіз жоғалды. Құтқарушылар қалған 15 адамды құтқарған. Су көлігі Панаманың теңіз акваториясында Колумбиямен арадағы шекара маңында батып кеткен. Оқиғаның себебі әзірге белгісіз. Жоғалғандарды іздеу жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.