Тынық мұхитта паром аударылып, 27 адам із-түзсіз жоғалып кетті
АСТАНА. Тамыздың 6-сы. ҚазАқпарат - Тынық мұхитта Тонга аралдары ауданында паром аударылып кетіп, 27 адам із-түзсіз жоғалып отыр. Кеме Тонга мемлекетінің бір аралынан екінші аралына жолаушылар тасымалдап бара жатқан.
Апаттың себебі әзірге анықталған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Маяк» радиостансасына сілтеме жасап.
«Принцесса Ашика» паромының бортында барлығы 79 адам болған, оның 49-ы - жолаушылар, 30-ы- экипаж мүшелері. 52 адам құтқарылған: олардың 42-сі құтқарушы салдарға мініп үлгерген, тағы 10 адам судан көтеріп алынған.
Құтқарушылардың пікірінше, жоғалып кеткен адамдарды аман-есен табуға мүмкіндік бар, себебі апат болған аумақта судың температурасы 25 градус, ал теңіз тыныш.