Тынық мұхиттың түбінен рекордты тереңдікте ұңғыма бұрғыланды

АСТАНА. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - Жапонияның «Тикю» атты зерттеу кемесі Тынық мұхитының түбінен тереңдігі 3058 метр болатын ұңғыманы бұрғылап,

Тынық мұхиттың түбінен рекордты тереңдікте ұңғыма бұрғыланды

2012 жылы орнатылған 2466 метрлік рекордты жаңартты, деп хабарлады жапондық бұқаралық ақпарат құралдары.

Зерттеу Вакаяма префектурасы жағалауынан шығысқа қарай шамамен 75 шақырым жерде жүргізілуде. Ең соңғы заманауи құралмен жабдықталған «Тикю» экипажына ашық теңіз жағдайында терең бұрғылау жүргізу үшін екі айдан астам уақыт кеткен. Алынған мәліметтерге сейсмологтар тарапынан аса зор қызығушылық туып отыр, соның негізінде олар осы аумақтағы мұхиттың түбінде біртіндеп ұлғайып жатқан Нанкай жарықшақтарын жан-жақты зерттемек. Бұл үлкен жарықшақ Жапонияның шығыс жағалауы бойымен өтетін Тынық мұхитының түбінде. Ол өте қуатты және апатты жер сілкіністерінің ошағы болып табылады.