Тынық мұхитына АҚШ-тың екі әскери ұшағы құлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Ф/А-18 «Хорнет» атты палубалы жойғыш екі ұшағы Тынық мұхитының батыс бөлігінде апатқа ұшырады.
ВВС-дің жазуынша, ұшқыштың біреуі құтқарылған, ал екіншісін іздестіру жұмыстары жалғасуда.
Аталған ұшақтар «Карл Винсон» кемесінің палубасынан әуеге көтерілген екен. Құтқарылған ұшқыштың біріне кеменің бортында медициналық көмек көрсетілді. Табылмай жатқан екінші ұшқышты іздестіруге зымыранды крейсер шықты. Сонымен қатар, бұл шараға бірнеше тікұшақ жұмылдырылды.