Тынық мұхитынан ең күшті дауыл жақындап келеді
АСТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат - Филиппинге Тынық мұхитының батыс бөлігінен ең күшті «Одет» дауылы жақындап келеді, деп хабарлайды 24. kz сайтынан.
Осыған байланысты ел билігі жағалауға жақын орналасқан ауыл тұрғындарын қауіпсіз аймақтарға көшіріп жатыр. Елдің солтүстігінде су қатынасы тоқтатылып, балықшыларға теңізге шығуға тыйым салынды. Қауіпсіздік мақсатында жарық желілері де ажыратылды. Елдің Лусон аралындағы 15 провинция мен Батанес аралында төтенше жағдай жарияланды. Жалпы жыл сайын жаңбыр маусымы кезінде Филиппинде 20 шақты дауыл тұрады. Ең ірі тайфун елде 1991 жылы болған. Апаттан 6 мың тұрғын қаза тапқан болатын.