Тынық мұхитында апатқа ұшыраған паромның 60-тан астам жолаушысы із-түзсіз жоғалды
АСТАНА. Тамыздың 7-сі. ҚазАқпарат - Нақтыланған мәліметтер бойынша, Тынық мұхитында Тонга аралдары маңында апатқа ұшыраған паромның 60-тан астам жолаушысы із-түзсіз жоғалып отыр.
Тонга мемлекетінің бір аралынан екінші аралына жолаушылар тасымалдап бара жатқан «Принцесса Ашика» паромының бортында барлығы 117 адам болған. Бұған дейінгі ақпаратта паромда 79 адамның болғаны айтылған болатын.
Құтқару шараларын үйлестіруші Тонга полициясының бастығы Крис Келлидің айтуынша, 53 адам құтқарылған, екі адамның өлі денесі табылған, тағы 62 адам із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.
Тамыздың 5-інде болған апаттың себебі әзірге белгісіз.