Тынық мұхитының Панама жағалауында жер сілкінді

АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Тынық мұхитында Панама жағалауынан оңтүстікке қарай қуаты 6,6 балдық  жер сілкінісі болды,

Тынық мұхитының Панама жағалауында   жер сілкінді

 деп хабарлады РБК.

АҚШ-тың Геологиялық қызметінен хабарланғандай, жерасты дүмпулері 10 шақырым тереңдікте тіркелді. Зілзаланың кіндігі Пунто-де-Бурика қаласынан оңтүстікке қарай 324 шақырым жерде болған.

Құрбандар мен қираулар жайлы ақпарат әзірге түскен жоқ. Зілзалаға жақын аумақтарда цунами қаупі туралы хабарланған жоқ.