«Тыныс ал, бөбек!» жобасы екі мың нәрестенің өмірін арашалап қалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- «Тыныс ал, бөбек!» жобасы аяқталды. Осы шара барысында біздің қор, еліміздегі облыстық перинаталдық орталықтардың жансақтау бөлімдерін 337,5 млн. теңгеге қазіргі заманғы медициналық құралдармен жабдықтады». Бұл туралы бүгін Алматы қаласында өткен баспасөз мәслихатында «Аяла» қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова айтты.

«Тыныс ал, бөбек!» жобасы екі мың нәрестенің өмірін арашалап қалды

Оның айтуынша, 2008 жылы Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандарттарына көшкен болатын. Жаңа талап бойынша, салмағы 500 грамнан жоғары туған нәрестелер тірі туған болып саналды. Бұған дейінгі стандарт - 1200 грамм еді. Жаңа стандарт - сәбилер арасындағы өлім-жітімнің деңгейін күрт арттырып жіберді. Өйткені дәрігерлер бұған дайын емес еді. Сондықтан олардың біліктілігін арттырып, балаларға арналған жансақтау бөлімдерін жоғары технологиялық құралдармен жабдықтау қажет болды.

«Тыныс ал, бөбек!» жобасы Алматыда 2009 жылы қолға алынды. Жоба аясында әсіресе Алматы қалалық перинаталдық орталыққа көп көңіл бөлінді. Аталмыш орталық, қордың берген аппаратураларының арқасында салмағы 1000 грамға жетпей шала туған нәрестелердің өміршеңдігін 5 пайыздан 25 пайызға, яғни бес есеге жуық арттырды.

20011 жылы «Аяла» қоры мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасында өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды. Сөйтіп, жоба республикалық мәртебеге ие болды. Қор демеушілер тартып, қажетті қондырғыларды ала бастады.

Осылайша, 2009 жылдан 2014 жылға дейін Қазақстанның 17 қаласының перинаталдық орталықтары қазіргі заманғы аппаратуралармен қамтамасыз етілді. Оларда құтқарылған нәрестелердің саны артты. Бұл, 2013 жылы еліміз бойынша жаңа туған нәрестелер арасында өлім-жітімнің көрсеткішін 17 пайызға төмендетуге мүмкіндік берді.

Сондай нәрестелердің бірі, Ақтаулық Нұрислам Ж. Ол өте ауыр халде туған болатын. Өздігінен дем ала алмайтын, еме алмайтын. Дәрігерлер мен жаңа технологияның арқасында аман қалды. Қазір ойдағыдай өсіп келеді. Мұндай балалардың саны елімізде екі мыңға жетті.

«Егер біз бала босандырушыларға, неонатологтарға, орта және кіші медициналық дәрігерлер құрамына қол ұшымызды бере алсақ, онда мақсатымыздың орындалғандығы. Демеушілерсіз бұл жобаны жүзеге асыру мүмкін болмас еді. Барлығының атын атағың келеді. Бірақ бұған көп уақыт кетеді. Жобаны денсаулық сақтау министрлігі мен облыстық денсаулық сақтау департаменттері қолдады», - деді өз сөзінде А. Сүлейменова.