Тырнағыңыз сарғайса қандай дерттен қауіптенгеніңіз жөн?

АСТАНА. ҚазАқпарат - Адамның тырнағының түсіне қарап оның қандай дертке ұшырағанын анықтауға болатынын бәріміз білеміз. Мәселен, егер тырнақ сары түске боялса, бұл асқазан-ішек жолдарында ауру пайда болғанын білдіреді, деп жазады Росбалт.

Тырнағыңыз сарғайса қандай дерттен қауіптенгеніңіз жөн?

Бұл жерде тырнаққа косметологиялық әрекеттердің де теріс ықпалын тигізетінін ескерген жөн. Жағылған лак тырнақ жабынының саңылауларын бітеп тастайтындықтан, оған оттегі бармай, сол себептен де сарғаюы мүмкін. Әрі тырнақтың сынғыштығы да содан пайда болады.

Сондай-ақ адам ағзасына шылым шегу арқылы түсетін никотин де кері әсерін тигізбей қоймайды. Саусақ ұштарына жиналатын ол тырнақтың түсін өзгертеді. Мұндай жағдайда темекіден бас тарту ғана оның түсін қалпына келтіреді.

Тырнақтың табиғи түсінің өзгеруінің тағы бір себебі кальцийдің жетіспеушілігінен туындайды. Сонымен қатар бауыры, өкпесі сырқат немесе қант диабетімен ауыратын адамның да тырнағы сарғайып кетуі мүмкін.