Тырысқақ ауруынан Нигерияның 113 тұрғыны көз жұмды

АСТАНА. Қазанның 6-сы. ҚазАқпарат - Тырысқақ ауруының таралуы Нигерияның 113 тұрғынының өліміне себепші болды,

Тырысқақ ауруынан Нигерияның 113 тұрғыны көз жұмды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау жөніндегі комиссар Зубайра Майна Шани (Zubairu Maina Shani) аурудың Борно штатында елдің солтүстік-шығысынан тарағанын мәлімдеді. Ауруды 956 тұрғын жұқтырған, 113 адам қайтыс болған.