Тюмень өкілі Яна Добровольская «Ресей аруы -2016» титулын жеңіп алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тюмень өкілі Яна Добровольская »Ресей аруы -2016» ұлттық конурсында жеңіске жетті.
Барвиханың Luxury Village концерттік залында аяқталған байқаудың ақтық сынына елдің елу ең әдемі қыздары қатысқан болатын деп хабарлайды ТАСС.
Жеңімпазға ақ алтыннан жасалған, гауһар тастармен және құны 1 миллион доларлық інжумен безендірілген тәж тапсырылды.
Марапатты ол Ресей аруы-2015 атағын иеленген София Никитчуктың қолынан алды.
Добровольская сондай-ақ 3 милион рубль, автомобиль және ең бастысы - «Бейбітшілік аруы» мен «Әлем аруы» конкурсына қатысу мүмкіндігіне ие болды.