Тюссо ханым мұражайына Уильям ханзада мен Кейттің жаңартылған мүсіндері қойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондондағы Тюссо ханым мұражайына корольдік тұлғалардың балауыздан жасалған жаңартылған мүсіндері қойылды.

Тюссо ханым мұражайына Уильям ханзада мен Кейттің жаңартылған мүсіндері қойылды

Уилльям мен Кэтриннің балауыз мүсіндері Тюссо ханым мұражайына 2012 жылғы сәуірде, екі жұптың шаңырақ көтергеніне бір жыл толу құрметіне алғаш рет қойылған болатын.

Қазір балауыз Уилльям мен Кэтринге сәнді киім кигізілді. Ханшайым көгілдір жібек көйлекпен жымиып тұр. Ал ханзадаға қаусырмалы смокинг кигізілді.