«Тыйым салынған билер» балалар үйінде
АСТАНА. 30 наурыз. ҚазАқпарат - 26 наурыз Алматыдағы №1 Балалар үйі үшін көпке дейін есте қалады.
Себебі, оларға қонаққа жастар билері туралы алғашқы қазақстандық фильм - «Тыйым салынған билерді» түсірген топ пен басты рөлдерді сомдаған бишілер келді. Бұл туралы hittv.kz сайтында айтылды.
«Ұйымдастырушылардың өздері үшін қайырымдылық кеш олардың меценаттық істегі алғашқы тәжірибесі болды», - дейді сайт.
«Jado Production» «Оrda Brothers» компаниясының қатысуымен балалар үйінің кішкентай тәрбиеленушілері үшін арнайы бағдарлама дайындады. Олар картинаны түсірген топқа сұрақтарды жүзбе-жүз қоюға, басты рөлде ойнаған Ерболат Семқұловтан шеберлік сабақ алуға, үздік бишілердің өнерін тамашалауға және фильмге жазылған саундтректерді тыңдауға мүмкіндік алды. Соңында барлығы кәдесыйлар алды. Өз кезегінде балалар қонақтарға теңізшілер биін тарту етті.
«Тыйым салынған билер» фильмі ел телеэкрандарына 2012 жылдың мамыр айында шығады. Оның режиссері - «Орда» тобының солисті Е.Беделхан. Лента өмірлеріне күнделікті тиын-тебендерін тауып жүрген балалар туралы, бірақ олардың басты құштарлығы - билер. Сатқындықты бастарынан өткере және заңға қарсы шыға отырып, олар қаланың бірінші би командасы атағын алу үшін шешуші шайқаста кездеседі.