ТЖ бойынша SMS-хабарламалар ақысыз - ҚР ІІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құтқару қызметтерінен халыққа таралатын SMS-хабарламалар ақысыз. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

ТЖ бойынша SMS-хабарламалар ақысыз - ҚР ІІМ

«Құтқару қызметтерінен халыққа таралатын SMS-хабарламалар ақысыз екенін ресми түрде жариялаймын. Бұл хабарламалар азаматтар үшін де және мемлекет үшін де тегін. Біріншіден, бұл азаматтық қорғаныс туралы заңнаманың тиісті бабымен ескерілген. Екіншіден, бізде ұялы байланыс операторларымен тиісті келісім бар. Осыған сәйкес, ауа райының бұзылуы немесе қандай да бір төтенше жағдайлар бойынша хабарлау үшін осы SMS арқылы ақпарат таратамыз»,-деді ресми өкіл.

Оның сөзіне қарағанда, 1 желтоқсан мен 7 қаңтар аралығында ауа райы жағдайы мен жолдардың жабылуына қатысты 200-ге тарта SMS-хабарлама таратылды.