ТЖ министрлігі су айдындарындағы қауіпсіздік қағидасын бекітуді жоспарлауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі су айдындарындағы қауіпсіздік қағидасын бекітуді жоспарлауда. Бұл туралы бүгiн брифингте ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлiм еттi.
None
None

"Жақында Төтенше жағдайлар министрлігі су айдындарындағы қауіпсіздік қағидасын Үкімет қаулысымен бекітуді жоспарлауда. Аталмыш қағида су айдындарын демалу, туризм мен спорттық мақсатта пайдалану тәртібін анықтайды, суда және мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары мен демалушылардың жауапкершілігін белгілейді, сондай-ақ қауіпсіздік қағидалары мен шараларын бұзған ұйымдар (жағажайлар, демалу орындары және т.б) мен азаматтарға айыппұлдар қарастырылады", - дейдi ол.

Соңғы жылдары ТЖ министрлігі су айдындардағы оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмысқа үлкен мән беруде. Алайда, статистика азаматтардың барлығы бірдей құтқарушылардың кеңестерiне құлақ аспайтынын көрсетiп отыр. Ағымдағы жылдың басынан бастап еліміздің су айдындарында 87 адам (оның ішінде 17-сі бала) суға кетті, ол 2013 жылдың 5 айына қарағанда 30 адамға көп (2013 жылы 57 адам суға кетті, оның ішінде 13-і бала). Сонымен бірге, суда құтқару қызметі 160 адам мен 10 баланы құтқарды. Көп жағдайда адамдардың қаза болуы балық аулау кезіндегі қауіпсіздік қағидасын бұзушылық салдарынан орын алады (38 адам).

Тек өткен жылғы суға шомылу маусымында 303 адам, оның ішінде 48 бала суға кетті. Ағымдағы жылғы 5 айда ең көп суға кеткендердің саны Оңтүстік Қазақстан облысының су айдындарында 13 адам, Алматы облысында - 10 адам, Жамбыл облысында - 9 адам.

Соңғы жаңалықтар