ТЖ вице-министрі су тасқыны қаупі бар аудандарды аралады

Кеген Тұрсынбаев
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM — Жұмыс барысы төңірегінде ТЖ вице-министрі Кеген Тұрсынбаев су басу қаупі бар учаскелерді аралап, ГТҚ жағдайларымен танысты, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Вице-министр елді-мекендердің әкімдерімен кездесті, су басу қаупі бар іс-шараларға баға берді, жылыту пункттерінде болды. Олар Шығыс Қазақстан облысы жолдарында қысқы мерзімде ашық тұрады.

Сондай-ақ, Кеген Тұрсынбаев облыс аумағында өрт сөндіру бөлімдері мен ТЖ бөлімдерін аралады. Ол жеке құрамға ТЖМ жұмыстары туралы әңгіме қозғады. ТЖМ заманауи техникалармен, жабдықтармен жасақталғанын, еліміздегі аймақтардың бөлімшелері мен өрт сөндіру бөлімдеріне жаңа үлгідегі киімдердің келіп жатқандығын және ТЖ қызметінің әрі қарай даму перспективасы туралы айтты.

Жұмыс барысының соңында вице-министр төтенше жағдайларда жедел ден қою бойынша тапсырмалар берді. Облыстағы шұғыл жағдайларға ден қою бойынша тапсырмаларды белгіледі.

Еске салсақ, ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барғанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар
telegram