ТЖД Алматының тұрғын үйлеріндегі өрттің негізгі себептерін атады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда жылыту маусымы 9 қазанда басталады. Бір айға жуық уақыт ішінде тұрғын үй секторында 18 өрт тіркелді.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, тұрғын үй секторындағы жалын салдарынан адам қаза тауып, 5 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған. Өткен жылдың осы кезеңінде 28 өрт тіркелсе, қаза тапқан және зардап шеккен азаматтар болмаған. Салыстырмалы түрде өрт саны 36%-ға төмендеді.
ТЖД тіркелген өрттердің негізгі себептерін атады:
• электр сымдарының ақауы — 9 жағдай;
• отпен абайсыз жұмыс істеу — 5 жағдай;
• пешпен жылыту жүйесін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу — 2 жағдай;
• газ-ауа қоспасының жарылысы салдарынан өрттің шығуы — 2 жағдай.
— Қала аумағында 171 мыңнан астам жеке тұрғын үй бар. Бұл ретте жеке тұрғын үй секторы азаматтық қорғау органдары тарапынан тексеруге жатпайды. Аталған санаттағы тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігі тұрғындардың өрт қауіпсіздігі нормалары мен қағидаларын орындаулы тиіс, — деп хабарлады департаменттен.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда өрт қаупі жоғары 5 мың ескі үй бақылауға алынғанын жазғанбыз.