ТЖД Алматы ауасының шектен тыс ластанғанын жоққа шығарды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қоқыс полигонындағы өрт салдарынан шаһардың ауасы шектен тыс ластанғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мессенджерлер арқылы Алматының ауасында күкірт диоксидінің көлемі қалыптан 70 есе артқаны туралы фейк жаңалықтар тарады. «Қазгидромет» мекемесінің мәліметіне сүйене отырып, ауаның зиянды заттармен ластанбағанын хабарлаймыз. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті көшеде респираторлар мен газға қарсы тұмылдырық киіп жүру керектігі туралы кеңес берген жоқ. Дәл қазір Қарасай ауданындағы өрт ауыздықталуда. Тұрғындарды сабыр сақтауға шақырамыз» - делінген ресми ақпаратта.

Департаменттің хабарлауынша, өрт сөндіруші көліктердің қызыл жалынға жақындап баруы қиынға соғуда. Тереңдігі 60-70 метр болатын сайды еңсеру мүмкін болмай тұр.

Бұған дейін алматылықтар қала аспанын қою түтін басқанына шағымданған болатын.

Соңғы жаңалықтар