ТЖД Алматы тұрғындарына өрт қауіпсіздігіне байланысты ескерту жасады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 14-16 маусым аралығында жоғары өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ТЖД Алматы тұрғындарына өрт қауіпсіздігіне байланысты ескерту жасады

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті Қазгидрометтің ауа райына байланысты ескертуі негізінде 14-16 маусым аралағында қалада жоғарғы өрт қауіпі сақталатынын хабарлады.

Осыған орай, ведомство қала тұрғындары мен қонақтарына таулы-орманды алқаптарға барғанда өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтауға шақырды.

«Тамақ жасау үшін арнайы ас пісіру құрылғыларын қолдану;

- темекі шекпеу, тұтанған сіріңке және темекі қалдықтарын тастамау;

- күн сәулесінде бөтелкелерді, шыны сынықтарын, басқа да тұрмыстық қалдықтарды қалдырмау және шөптің үстіне от жақпау қажет», - деп ескертті ТЖД-да.