21:09, 16 Шілде 2022 | GMT +5
ТЖД елордада көпқабатты ғимараттан шыққан өрттің себебін жариялады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада көпқабатты ғимараттан шыққан өрт толық сөндірілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп, Мирный 17 көшесі бойындағы шаруашылық құрылысы, монша және жеке үйдің шатыры жанып жатқанын анықтады. Сонымен қатар өрт жел әсерінен Фестивальный көшесінде орналасқан көрші үш қабатты жеке үйдің төбесіне көшкен. Өрт 18:02-де толық сөндірілді. Өрттің алдын ала себебі отты қолданудағы салақтық», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Департамент мәліметінше, қызыл жалын 400 шаршы метрді шарпыған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрт сөндіруге төтенше жағдайлар бөлімшелерінен 61 адам мен 16 бірлік техника жұмылдырылған.
Еске сала кетейік, бұған дейін елорда көпқабатты ғимарат өртеніп жатқаны туралы хабарлаған едік.