ТЖД елордада жұмыс күнін қысқартуға кеңес берді
![None None](/static/img/plug.webp)
Астаналық Полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденов, қалалық ТЖД бастығы Бауыржан Сыздықов және Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев ауа райының бірден нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтан тұрғындарына үндеу жасады.
Олар жоғары оқу орындарының студенттері үшін сабақтарды тоқтатуға, жұмыс берушілерге 2020 жылдың 27 қаңтарына жұмыс кестесін қайта қарап, қысқартуға кеңес берді.
«Сондай-ақ, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына бармаған жөн. Дегенмен, балабақшалар штаттық режімде жұмыс істеп жатыр», - делінген хабарламада.
Еске салайық, ауа райының күрт нашарлауына байланысты елордада 0-12 сыныптар үшін бірінші және екінші ауысымдағы сабақтар тоқтатылды. Сондай-ақ, қаладан шықпауға, қоғамдық көліктермен жүруге кеңес берілді.