ТЖД ескертуі: Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

Шығыс Қазақстан облысында алдағы 4 күнде қар көшкіні жүруі мүмкін
Фото: Kazinform

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті және «Қазселденқорғау» ММ Іле-Алатау филиалы қар көшкінінің жүру қаупі туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Kazinform.

Мәлім болғандай, Алматы облысының тауларында 2024 жылдың 3 қаңтарына дейін көшкін қаупі сақталады. Осыған орай, құтқарушылар азаматтардан, туристер мен демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрады.

«Тауларда қар деңгейінің едәуір өсуіне байланысты (25 см – ден артық) - Алматы обылысының аумағында қар көшкіні қаупі жоғары. Жоғарыда айтылғандардың негізінде тауларға барудан бас тартуды, таулардың қарлы беткейлеріне шықпауды ұсынамыз», - деп хабарлады «Қазселденқорғау» ММ Іле-Алатау филиалы.

«Егер сіз қандай да бір себептермен таулы жерде болсаңыз, қар көшкінін тудырмас үшін таулардың қарлы беткейлеріне бармаңыз. Егер сізге көмек қажет болса, 112 нөміріне дереу қоңырау шалыңыз» - делінеді Алматы облысы ТЖД хабарламасында.

Айта кетейік, Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тау жотасының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.

Соңғы жаңалықтар