ТЖК ауыл тұрғындарын Шерубай-Нұра, Нұра, Есіл өзендерінің маңында мал бағу қауіпті екенін ескертеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарындағы су тасқынына байланысты құтқарушылар басты назарын су қоймаларына аударуда, деп хабарланды ҚР ІІМ ТЖК сайтынан.
Осылайша Шерубай-Нұра су қоймасы бөгетінің құлауының алдын алу үшін 12 сәуірден Шерубай-Нұра өзеніне секундына 1100 текше метр су құйылуда.
«Осыған байланысты тұрғындардан елді мекендерден асып шықпауларын, Шерубай-Нұра, Нұра, Есіл өзендерінң маңында мал бақпауларын, сондай-ақ азық-түлік қорын сақтауларын сұраймыз», - делінген хабарламада.