ТЖК: Қазақстанда 500-ден астам гидротехникалық нысандар жөндеу жұмыстарын қажет етеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 500-ден астам гидротехникалық нысандар жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәлім етті.
None
None

«Жалпы, республика бойынша 1300-ге тарта гидротехникалық нысандар бар. Олардың жағдайын қадағалау ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзырында. Біздің мәліметтер бойынша бүгінде 500-ден сәл астам гидротехникалық нысандар жөндеу жұмыстарын қажет етеді», - деді комитет басшысы.

Бұл ретте ол жөндеуді қажет ететін барлық нысандар апаттық жағдайда емес екенін нақтылады.

В. Беккердің сөзіне қарағанда, су тасқынының алдын алу мақсатында өңірлердегі гидротехникалық нысандарды судан босату жұмыстары басталды.

«Тасқын суды қабылдауға қауқарлы болуы үшін екі аптаның ішінде бірнеше су қоймаларын босату шаралары қабылданды», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар