ТЖК: Республика бойынша өткен демалыста 11 адам суға кеткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен демалыста 11 адам суға кеткен, оның екеуі балалар.
None
None

9 шілде күні Қостанай қаласы Тобыл өзеніндегі «Ақ шаңырақ» демалу аймағында шомылып жүрген 1995 жылғы жас жігіт суға батып кеткен.

10 шілде күні Астана қаласындағы «Западный» саяжайлық қоғамында, Есіл өзеніне түскен ер адам шыға алмаған, аты-жөні анықталуда.

Сол күні Ақмола облысы Қаражар ауылындағы 1989 жылы туған Өзбекстан республикасының азаматы Сарқырама өзеніне түсіп, қайтыс болды.

Алматы облысы, Жетіген ауылындағы Жетіген карьерінде 1982 жылы туған ер адам ажал құшты.

ШҚО жасанды су қоймаларында - Глубоков ауданы Винное ауылы (1989 ж.т.) және Семей қаласы, Мирное ауылында (2009 ж.т.) 2 адам о дүниелік болды, оның біреуі жас бала.

Тағы бір жасөспірім Жамбыл облысындағы Қордай ауылында қаза тапты. 2003 жылы туған қыз бала жасанды су қоймасында қайтыс болды.

Қарағанды облысында да судағы екі өлім тіркелді: Сәтпаев қаласындағы Айнакөл өзенінде (1986 ж.т.) және Бұқар жырау ауданындағы Нұра өзенінде (1998 ж.т.)

Қостанай облысы Қамысты ауданы Клочков ауылындағы су қоймасында 1998 жылғы тұрғын батып кеткен.

Павлодар облысы, Ақсу қаласындағы К.Сәтпаев арнасында 1985 жылы туған ер адам о дүниелік болған.

2016 жылдың бірінші жартысында республика бойынша 195 адам, оның ішінде 75 бала суға кеткен.

Жабдықталмаған жерде шомылу, балаларды қараусыз қалдыру, жүзе алмау және өз күшін дұрыс бағаламау, мас күйінде суға түсу - судағы өлімнің негізгі себептері болып табылады. 

Соңғы жаңалықтар