ТЖК: Тайынша ауданындағы су басу салдарын жедел жою үшін онда қосымша күштер жіберілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - СҚО-да қардың күрт еру салдарынан орын алған төтенше жағдайдың зардаптарын жоюды жылдамдату үшін аймаққа қосымша күштер жіберілді.

ТЖК: Тайынша ауданындағы су басу салдарын жедел жою үшін онда қосымша күштер жіберілді

«Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында қардың күрт еруі салдарынан болған төтенше жағдайдың жойылуын жылдамдату мақсатында ТЖК бүгін Донецкое ауылына Астана қалалық ТЖД-ның және Орталық аймақтық аэромобильдік жедел-құтқару жасағы құтқарушы бөлімшелерінің күштері мен техникаларын жіберді», - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК-ның ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Жұмылдырылған күштер мен құралдарға қосымша ретінде жеке құрамның 43 адамы мен 18 техникасы бөлінді.

Р.Иманқұловтың айтуынша, қазіргі кезде инженерлік қызметтер, ІІМ-нің бөлімшелері, билік органдары және басқарманың қолданған шараларының нәтижесінде су басқан аумақта су деңгейі төмендеп, 25 ауладағы су кетті, арнайы құрылған комиссия су басқан үйлерді тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бұдан басқа, көктем мезгілінде құтқару күштерін күшейту және төтенше жағдайлардың орын алуы кезінде келтірілетін шығынды азайту мақсатында Ақмола облысына Алматы, Қызылорда облысы бойынша ТЖ департаменттерінің құтқару жасақтары, республикалық жедел-құтқару  жасағы, Оңтүстік аймақтық аэромобильдік  жедел-құтқару жасағының 100 адам, 38 техникасы жіберілді.