ТЖМ 2011 жылы биік ғимараттардағы өртті сөндіру үшін К-32 тікұшақтарын сатып алмақ
СТАНА. Қазанның 14-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - 2011 жылы еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі Астана мен Алматы қалаларындағы биік ғимараттардан шыққан өртті сөндіру үшін К-32 тікұшақтарын сатып алмақ. Бұл туралы бүгін BNews.kz порталында өткен онлайн-конференция барысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі В.Божко мәлім етті.
Келесі жылдан бастап «Денсаулық» бағдарламасы аясында 3 жылдың ішінде аталған техниканың сатып алынатындығын нақтылай түскен В.Божко: «Біз К-32 тікұшақтарын сатып алу мәселесін талқылаудамыз. Егер өздеріңіз баспасөзден көрсеңіздер, олар 5 тоннаға дейін су көтере алады. Сонымен қатар олардың сәйкесінше өрт сөндіру құрал-жабдықтары да бар. Жылжымалы сатысы 25-30 метрге жетеді әрі бұл тікұшақтармен жеке ғимараттардың сыртындағы және ішіндегі өртті сөндіру өте тиімді», - деді.
Министрдің айтуына қарағанда, бұл техника еліміздегі негізгі биік ғимараттар қоныс тепкен Алматы мен Астана қалаларында тұратын болады. Жалпы еліміздегі биіктігі 16 қабаттан жоғары ғимараттар өрт лифтілерімен жабдықталған, яғни зәулім ғимараттарды қорғау бойынша кешенді іс-шаралар атқарылған.