ТЖМ 2024 жылдан бастап салынып жатқан үйлердің өрт қауіпсіздігін тексереді

АСТАНА. ҚазАқпарат – 2024 жылдан бастап Төтенше жағдайлар министрлігі салынып жатқан үйлердің өрт қауіпсіздігін тексеруді бастайды. Бұл туралы ведомство басшысы Сырым Шәріпханов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ТЖМ 2024 жылдан бастап салынып жатқан үйлердің өрт қауіпсіздігін тексереді

«Біздегі мәселе мынада: тұрғын үйлер салынып жатыр, ал ТЖМ-де сертификаттауды, нысандарды тексеруді алып тастаған. Бұл мәселе қашан шешіледі?» - деп сұрақ қойды тілшілер Үкіметтің кулуарында.

«Бұл мәселе жаңа жылдан бастап шешіледі. Біз жобаларды келісуге, ғимараттарды, құрылыстарды қабылдауға, сондай-ақ тексеру кезінде тікелей қатысатын боламыз», - деп қысқаша жауап берді ТЖ министрі Сырым Шәріпханов.

Яғни, қаңтар айынан бастап үй салу бойынша барлық жобаларды Төтенше жағдайлар министрлігі тексереді.

Еске сала кетсек, 1 тамыз күні Алматыда 16 қабатты үй өртенген еді. Амалы қалмаған тұрғындар балаларын терезеден лақтырған.

Өрт салдарынан 1 адам көз жұмып, 43 адам зардап шеккен.