ТЖМ Ақсай өзеніндегі қорғаныс жұмыстарын аяқтады

АСТАНА. KAZINFORM — Алматыдағы гидрологиялық жағдай тұрақты. Өзендердегі су деңгейінің көтерілуі байқалмайды. Бұл туралы ТЖМ хабарлады. 

ТЖМ: Алматыдағы өзендерде су деңгейінің көтерілуі байқалмайды
Фото: ТЖМ

ТЖМ бөлімшелері сел қаупі бар учаскелерге тәулік бойы мониторинг жүргізуді жалғастырып жатыр. Алматыдағы гидрологиялық жағдай тұрақты. Өзендердегі су деңгейінің көтерілуі байқалмайды.

ТЖМ: Алматыдағы өзендерде су деңгейінің көтерілуі байқалмайды
Фото: ТЖМ

Алдын алу іс-шаралары аясында ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың күштері Ақсай өзенінің қорғаныс бөгеті маңындағы арнасын нығайту және тазарту жұмыстарын аяқтады.

ТЖМ: Алматыдағы өзендерде су деңгейінің көтерілуі байқалмайды
Фото: ТЖМ

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өзендегі су деңгейі айтарлықтай төмендеді. 

ТЖМ: Алматыдағы өзендерде су деңгейінің көтерілуі байқалмайды
Фото: ТЖМ

Бүгін мореналық көлдер мен өзен бассейндеріне аэровизуалды тексеру жүргізу жоспарланған. 

ТЖМ: Алматыдағы өзендерде су деңгейінің көтерілуі байқалмайды
Фото: ТЖМ

Сонымен қатар, ТЖМ қызметкерлері Үлкен Алматы және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріне үздіксіз мониторинг жүргізіп жатыр. 

ТЖМ: Алматыдағы өзендерде су деңгейінің көтерілуі байқалмайды
Фото: ТЖМ

Жағдайды бақылау мақсатында мониторингтік бекеттерде Алматы қаласы ТЖД, Құтқару қызметі, «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағы, ТЖМ «Қазселденқорғау» мекемесі және Полиция департаментінің 130-дан астам жеке құрамы мен 20 техникасы жұмылдырылған.

Жағдай ТЖМ-нің тұрақты бақылауында.

Айта кетелік Түрген – Ассы жолын су шайып, құтқарушылар 58 адамды эвакуациялаған еді