ТЖМ Алматыдағы жер сілкінісінен кейін сел қаупі бар учаскелерді тексерді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің мамандары жер сілкінісінен кейін өзен арналары, гидротехникалық құрылыстар, көшкін және сел қаупі жоғары аймақтарға тексеру жүргізді.

ТЖМ Алматыдағы жер сілкінісінен кейін сел қаупі бар учаскелерді тексерді
Фото: Жамбыл облысы ТЖД

Сондай-ақ мекеме мамандары тіршілікті қамтамасыз ету нысандары аралап, олардың техникалық жағдайыны бағалады.

Тексеру нәтижесінде зақымдану анықталған жоқ. Барлық нысан штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

— Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты, — деп хабарлады ведомство.

Еске салайық, Алматы тұрғындары бүгін, 2026 жылғы 17 ақпанда сағат 15:11–де жер сілкінісін сезді.

Алматылықтар жер асты дүмпуі кезінде ұялы телефонына төтенше ескерту хабарламасының келмегенін айтты. Кейінірек Төтенше жағдайлар министрлігі бұған қатысты ресми түсінік берді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум