ТЖМ аппаратының басшысы қызметінен кетті
АСТАНА. KAZINFORM — Дәурен Есімсейітов ҚР ТЖМ аппаратының басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.
— Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Дәурен Сансызбайұлы Есімсейітов ведомство аппаратының басшысы қызметінен босатылды, — делінген хабарламада.
Дәурен Есімсейітов әр жылдары мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде қызмет атқарды.
Осы қызметке алты ай бұрын ғана тағайындалған.
Бұған дейін ІІМ тексерісінен кейін Атыраудағы полиция департаментінде бірнеше басшы қызметінен кеткенін жазғанбыз.