ТЖМ: Астанада 4,5 метрлік биіктіктен құлаған құрылысшы мерт болды

АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - Елорданың Алматы ауданында құрылыс жұмыстары кезінде жұмысшы мерт болды,

ТЖМ: Астанада 4,5 метрлік биіктіктен құлаған құрылысшы мерт болды

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде 55 жастағы ер адам 4 жарым метрлік биіктіктен құлап кеткен.

Астананың Есіл ауданында құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде «Қазақстан Темір Жолы» АҚ әкімшілік ғимаратында 8-қабаттағы биіктіктен 21 жастағы монтаждаушы құлады. Жас жігіт ауруханаға жеткізілді.