14:07, 22 Сәуір 2013 | GMT +5
ТЖМ: Атырау облысында құлаған ресейлік ұшқышсыз аппараттан зардап шеккендер жоқ
АТЫРАУ. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Атырау облысында құлаған ресейлік ұшқышсыз аппараттан ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл туралы ТЖ бойынша аудандық бөлімнен хабарлады.
Алдын ала мәліметке қарағанда, ұшқышсыз аппарат 19 сәуір күні Атырау облысы Құрманғазы ауданы Балқұдық ауылының маңына құлаған. Болжамға сәйкес әскери мақсаттағы бұл аппарат Қазақстан шекарасынан бірнеше шақырым қашықтықта орналасқан Ашулук әскери полигонынан ұшырылған.