ТЖМ басшысы: Қазақстанда төтенше жағдайлар 20 пайызға жуық азайды

АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың соңғы 9 айында Қазақстандағы төтенше жағдайлар саны 19 пайызға азайды, ал төтенше жағдайлардағы адам өлімі 14 пайыз, зардап шеккендер саны 15 пайызға төмендеді.
None
None

Бұл туралы бүгін Құтқарушылар күніне арналған салтанатты шарада Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко айтты.

«Осы уақыт аралығындағы көрсеткіштер министрлік пен оның бөлімдерінің тыңғылықты жұмыс атқаруының нәтижесі деп айтуға болады», - деді ол.

В. Божконың айтуынша, биылғы қыстағы қатты боран, су тасқыны немесе дауыл кездерінде адам шығынымен байланысты оқыс оқиғалар жіберілген жоқ.

Соңғы жаңалықтар