ТЖМ-ді қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етуге қабілетті институт ретінде күшейту қажет – Президент

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Президент Төтенше жағдайлар министрлігін ведомство қызметкерлерінің әлеуметтік, соның ішінде тұрғын үйге және жатақханаға қатысты мәселелерін шешуге және қамтамасыз етуге, сондай-ақ кәсіби кадрлардың дайындық деңгейін арттыруға қабілетті институт ретінде айтарлықтай күшейту қажет екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар, Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерінің өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамымен, сондай-ақ өртті ауыздықтауға тартылған еріктілермен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайды жоюға атсалысқан барлық азаматтың жасаған ерлігі үшін алғыс білдіріп, олар наградалар мен сыйлықтарға ұсынылатынын айтты.

Президент материалдық үлес жағдайын жақсарту, тұрғын үймен қамтамасыз ету және кадрлар дайындау үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қабылданатынын жеткізді.


Фото: t.me/bort_01



Соңғы жаңалықтар