ТЖМ ел азаматтарымен табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, жою мәселелерін қарастырады

ТАНА. 20 шілде. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі 20 шілде күні сағат 9.00-ден 21 шілде сағат 18.30-ға дейін «Табиғи және техногендік төтенше жағдайларды алдын алу және жою саласындағы өзекті құқықтық сұрақтар» тақырыбы бойынша ел азаматтарының сұрақтарын қарастырады,

ТЖМ ел азаматтарымен табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, жою мәселелерін қарастырады

деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Бұл іс-шара табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, жою және Азаматтық қорғаныс саласындағы заңнаманы түсіндіру мақсатында жүргізілетін болады.

Аталған тақырып бойынша өз сұрақтарыңызды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар басқармасына электрондық мекен-жайына жолдауға немесе 8 (7172) 60-21-25 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Келіп түскен сұрақтар бойынша жауаптар 27 шілдеге дейін министрліктің www.emer.kz сайтында жарияланады.