ТЖМ елдегі жол апаттарының басты себептерін атады
АСТАНА. KAZINFORM – Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды жою департаменті бастығының орынбасары Аслан Уәкішев Қазақстан жолдарындағы жол-көлік оқиғаларының басты себептерін атады.

– Ең алдымен, ауа райы салдарынан қиындықтар туындайды. Екінші мәселе – жолдардың жабылғаны туралы хабарламаны елемей, жолға шығып кететін жауапсыз жүргізушілер. Осыдан кейін жол-көлік оқиғалары орын алады, – деді А. Уәкішев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Сондай-ақ, жолдағы қауіпсіздікке әсер ететін тағы бір фактор – олардың күтімі.
А. Уәкішев техниканың және қардан қорғайтын қалқандардың жеткіліксіздігі мәселесі бар екенін айтуда.
– Біз жолдарды тазалауға жауапты «Қазавтожолмен» үнемі байланыста жұмыс істейміз. Бұл бағытта жұмыстар жүріп жатыр: техника тартылған, жолдар тазартылып жатыр, видеоесептер бар және біз бұл процесті бақылауда ұстаймыз. Дегенмен, ауа райы факторын ала болжау немесе өзгерту мүмкін емес. Әрине, одан да басқа проблемалар бар: қардан қорғайтын қалқандар жеткіліксіз, бәлкім, техника саны жетіспейді. Бірақ осыған қарамастан, біз мүмкіндігінше барлық жұмыстарды атқарып жатырмыз, – деп түсіндірді спикер.
Бұған дейін Аслан Уәкішев Ақмола облысындағы 95 автокөліктің соқтығысу себебін айтты.
Сондай-ақ, құтқарушылар жеке көлікті қар құрсауынан шығаруға міндетті еместігін, басты міндет – адамдарды құтқару екенін еске салды.