ТЖМ эвакуациялау пунктерінен рұқсатсыз шықпауға шақырды

АСТАНА. KAZINFORM – Төтенше жағдайлар министрлігі су басқан өңірлердің тұрғындарын үндеу жариялады.

эвакуация
Фото: СҚО білім басқармасы

«Су тасқыны салдарын жою және онымен күрес, авариялық құтқару жұмыстары жалғасуда. Бүгінде 112 539 үй жануары қауіпсіз жерге айдалды. Сонымен қатар 9 млн 800 мыңнан астам текше метр қар суы сорылды, 2 млн 900 мың қап және 1 млн 400 мыңнан астам инертті материалдар төселді. Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, СҚО 5837 тұрғын үй, 1353 аула аумағы және 3124 саяжай үйлері су астында қалды. Авариялық құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға барлығы 46 417 адам және 4351 техника, оның ішінде 873 су сору, 308 жүзу құралы және 16 әуе кемесі жұмылдырылды», - деді ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш ОКҚ-де өткен брифингіде. 

Министрліктің бүгінгі ақпараты бойынша, еліміздің 8 өңірінде (Ақтөбе, Қостанай, БҚО, Ақмола, Қарағанды, Атырау, СҚО, Ұлытау) жергілікті ауқымдағы 38 төтенше жағдай күшінде. 

«Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды су тасқыны кезінде мұқият болуға, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, үйлері мен эвакуациялау пунктерінен рұқсатсыз шықпауға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады», - дейді ол. 

Айта кетейік, су басқан өңірлерде адамдар үйіне оралып жатыр. Сондай-ақ 6950 адам, оның ішінде 3113 бала эвакуациялау пунктерінде қалып отыр.