ТЖМ-ге қарасты «Резерв» кәсіпорнының бас директоры жұмысынан кетті

ришат асансейітов
Фото: ТЖМ мемлекеттік материалдық резервтер комитеті

АСТАНА. KAZINFORM - 11 наурызда Ришат Мұханбетұлы Асансеитов өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш берді. 

Осыған байланысты ол Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры лауазымынан босатылды.

Ришат Асансеитов бас директор лауазымында 2022 жылғы қыркүйек айынан бері қызмет атқарған.

Соңғы жаңалықтар