ТЖМ: Қарағанды облысы тас жолының бойында автобустың қозғалтқышы істен шықты

АСТАНА. 3 қаңтар. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Киевка-Осакаровка автожолының 66-шақырымында қозғалтқыштың істемей қалуынан 51 жолаушысы бар «Мерседес» жолаушылар автобусы жолда қалды. Жолаушылардың тоғызы - балалар, деп хабарлады ҚР ТЖМ.

ТЖМ: Қарағанды облысы тас жолының бойында автобустың қозғалтқышы істен шықты

Ауданның төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі мен жол полициясы қызметкерлерінің күшімен 15 жолаушы жол бойында кездескен автокөліктермен сапарларын жалғастырды. Қалған 36 жолаушы - Қарағанды облысы ТЖД-ның «КУНГ» автокөлігімен Осакаровка ауылының көлік стансасына жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.