ТЖМ қызметкерлері қоян-қолтық ұрыстан Азия чемпионы атанды
БІШКЕК. КAZINFORM — Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қоян-қолтық ұрыстан Азия чемпионатында жеңіске жетті.
2024 жылғы 12-16 қыркүйек аралығында ТЖМ қызметкерлері қырғыз астанасы Бішкек қаласында өтіп жатқан қоян-қолтық ұрыстан Азия чемпионатында Қазақстан атынан қатысып жатыр.
Чемпионаттың бірінші күні «өзін-өзі қорғау 1+1» бойынша Азия чемпиондары:
- Чаботарева Мария, Қарағанды облысының ТЖД.
- Асылбекова Сағыныш, Астана қаласының ТЖД.
Азия чемпионатының екінші күні «жекпе жек» бойынша Азия чемпиондары:
- Ларионова Эмилия, Атырау облысының ТЖД.
- Чаботарева Мария, Қарағанды облысының ТЖД.
- Дайана Амантаева, Ақмола облысының ТЖД.
Еске сала кетейік, кеше осы чемпионатта атыраулық полицей Аида Хайруллина қоян-қолтық ұрыстан жеңіске жеткенін хабарлаған болатынбыз.
Дүбірлі додада 13 елден 250 спортшы бақ сынаған.
Бұл сайыста атыраулық полиция лейтенанты Аида Хайруллина 70 келі салмақта сынға түсті. Ол қарсыластарының бәрін қапы қалдырып, бірінші жүлдені иеленді. Сөйтіп, Азия чемпионаты атанып отыр.