ТЖМ көшкін қаупі туралы ескерту жасады
АСТАНА. KAZINFORM – Республикамыздың таулы аудандары әртүрлі дәрежеде көшкін қаупін төндіреді. Көбінесе қар көшкіні Іле Алатауы жотасының беткейлерінде (Алматы қаласы) және Алтай (ШҚО) тауларында байқалады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Қыстың басы мен көктемнің басы қар көшкіні белсенді болатын ең қауіпті кезеңдер болып саналады.
Биылғы жылы жалпы көлемі шамамен 1,2 млн. м3 213 қар көшкінінің өздігінен түсуі тіркелді. Жалпы, қазіргі уақытта қар биіктігі норма шегінде немесе нормадан асады.
- ТЖМ таулардың беткейлеріндегі қардың тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкінін болдырмау үшін таулардың қар басқан беткейлеріне шықпауды және тауларға барудан бас тартуды ұсынады, - делінген хабарламада.
Алматы облысының құтқарушылары қар көшкініне байланысты ескерту жасаған еді.