Көкшетауда құтқарушылар ақауы бар паромдағы 25 адамды эвакуациялады
КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Көкшетау қаласы Қопа көлінің акваториясын патрульдеу кезінде құтқарушылар жағалаудан 700 метр қашықтықта жолаушылары бар ақаулы паромды байқады.
ТЖМ қызметкерлері дереу құтқару жұмыстарына кірісті. Құтқарушылар 25 адамды, оның ішінде 10 баланы жағаға жедел эвакуациялап, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
Эвакуацияланған азаматтарға медициналық көмек қажет болған жоқ.
Еске сала кетейік, осыған дейін елорда құтқарушылары тәулік бойы кезекшілікке көшкенін хабарлағанбыз.