03:28, 17 Ақпан 2025 | GMT +5
Құтқарушылар тауда адасып кеткен жасөспірімдерді тапты
АСТАНА. KAZINFORM — Алматы облысы Іле Алатауы тауында «Лесной» асуында Букреев шыңынан түскен кезде 15-16 жастағы 4 жасөспірім адасып, құтқарушылардың көмегіне жүгінген.

Тез арада ТЖМ «РЖҚЖ» жедел тобы шақырту орнына шыққан.
Құтқарушылар теңіз деңгейінен 3010 метр биіктікте адасып қалған жасөспірімдерді тауып, қажетті көмек көрсетті.
- Құтқарушылар оларды таудан түсірді. Кейін құтқарушылар менполиция қызметкерлері жасөспірімдерді ата-аналарына тапсырды. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ, - делінген ТЖМ хабарламасында.
Жасөспірімдердің ата-аналары құтқарушыларға алғыс білдірді.
Айта кетейік Қарағанды облысының құтқарушылары қар құрсауынан 15 адамды құтқарған еді.